“Қолданбалы экология” жобасы аясында,3-ші сынып оқушылары арасында “Skrabbooking” жобасы өтті. Жобаға 3 “А”, “Ә”, “Б”, “В”, “Г”, “Ғ”, “Д”, сынып оқушылары өзара бақ сынасты. Оқушылар өздерінің жасаған бұйымдарына толықтай тоқталып кетті. Қағаз қалдықтарын неге қайта пайдаға асыру керек деген сұраққа толық жауап берді. Яғни «Бір тал кессең он тал ек», 1 тонна қағазды қайта өңдеу арқылы, 14 ағашты құтқарып қалуға болатынын да айтып өтті.
Сондай-ақ, бұл жоба оқушылардың бәсекелік қабілеті мен білімін дамытуға бағытталған шара болды. Сонымен қатар,оқушылардың сыртқы эстетикалық бейнесі мен сөйлеу мәнеріне көп көңіл бөлінді. Жобалар өзектілігіне, практикалық маңызына, оқушының сөйлеу шеберлігі мен тақырыпқа байланысты пайымына қарай бағаланды.