Астана қаласының төрінде орналасқан №8 мектеп-лицейі қазақ тілінде ақпараттық технологиялық, жаратылыстану-математикалық бағытта тәлім беретін білім ордасы.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда оқушылардың ақыл-ой мүмкіндігін сапалы қалыптастырып, баланың білімін, қабілетін, өнерін, санасын, дамыту- білім беру ұйымының басты міндеті болып табылады. Мектеп-лицейдің миссиясында көзделген міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте IT компаниясы құрылып жұмыс жасауда. Бұл компанияның негізгі бағыттары:
- Компьютерлік графика;
- Видео-технология;
- Мобильді қосымшалар дайындау;
- робототехника, электроника және мехатроника бағыты қамтамасыз етіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын дамытатын Scratch, Tynker, CodeCombat қарапайым ойындары арқылы бағдарлама жасауды үйренеді; Орта, жоғары буын оқушылары Python, Java, HTML бағдарламаларын Kodoqu платформасы арқылы оқып үйренуде.
Оқушыларды үйірмелермен қамтуда «STEАM зертханасы», «Шахмат ойыны», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Домбыра», «Робототехника», «Ұлдар, қыздар шеберханасы», «ІТ компания»кабинеттері жұмыс жасауда.
Мектепте заман талабына сай жабдықталған физика, химия, биология, география пәндерінің біріктірілген зертханалық кабинеті бар.