Астана қаласы. "№8 мектеп - лицейі" . Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі

Ағымдағы жылдың 13-14 сәуір күндері қалалық «WorldSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатынының аясында
«Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында қалалық
«JasSkills Astana 2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді. Чемпионаттың іріктеу кезеңіне 28 білім беру мекемесінен
97 оқушы 6 құзіреттілік бойынша қатысады: 1. «Кәсіпкерлік» – 13 сәуір, №52 мектеп-гимназиясында, 26 оқушы;
2. «Сән технологиясы» – 14 сәуір, Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейінде, 11 оқушы,;
3. «Мейрамханалық сервис» – 14 сәуір, Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейінде, 13 оқушы;
4. «Веб-дизайн және әзірлеу» – 14 сәуір, №8 мектеп-лицейінде, 16 оқушы; 5. «Графикалық дизайн» -14 сәуір, №8 мектеп-лицейінде ,
16 оқушы; 6. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» – 14 сәуір күні, №8 мектеп-лицейінде, 15 оқушы.
Чемпионат ережесіне сәйкес әр құзіреттілік бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 5 қатысушы қалалық кезеңге жолдама алады.
Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі қатысушыларына сәттілік тілейміз!