Театр актерлармен кездесу
2023 жылдың 16 ақпан күні Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Театр өнері және өнертану» факультеті «Драма театр актері және режиссура» кафедрасының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылған ашық есік күніне барып , университет қабырғасына экскурсия жасап келді. Бұл күні шығармашылық бағытты таңдаған түлектерге оқу орнына түсу үшін қагндай дайындық керек, қай уақытта құжат тапсыру керек деген секілді өнер саласының қыр-сырларымен таныс тырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында оқушыларымызға «Драма театры және кино әртісі» мамандануының 4 курс студенттерінің А.П.Чеховтың әзілдеріне қойылған қойылым ұсынылды. Шығармашылық бағытты таңдаған түлектеріміз үшін кезекті ұтымды кездесулердің бірі болды.