«Әке – отбасы тірегі»

Астана қаласы жалпы орта білім беру ұйымдарының арасында «Әке – отбасы тірегі» қалалық байқауына мектебіміздің ата-анасы Докторхан Болатбек пен 9 Д сынып оқушысы Жақсыбек Алмасхан қатысып, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды насихаттағаны үшін жүлделі II дәрежелі Дипломмен марапатталды. Халқымыздың тарихын, дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысып қатысқан Докторған Болатбек мырзаға алғыс айтамыз. Атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алған, халық мұраларын бағалай біліп қатысқаны үшін оқушымыз Жақсыбек Алмасханға да рақмет айтамыз. Жеңістеріңіз құтты болсын!