Құрметті әріптестер және ата-аналар!
Астана қаласы әкімдігінің N8 мектеп-лицейінде “8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні” мерекесі қарсаңында ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңының 12-бабын қатаң сақтау қажет екендігін еске саламын. Аталған Заңға сәйкес түрлі мақсатта ұстаздардан, ата-аналардан , оқушылардан ақша жинауға тыйым салынғандығын хабарлаймын.
📍Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый- оқушылардың білімге деген тәртібі мен ынтасы. Мұғалімдерге сыйлық беру міндетті емес.
📍ҚР заңнамасына сәйкес мұғалімдерге сыйлық беру, заңға қайшы, сыбайлас жемқорлыққа жатады.
📍Ұстаздар үшін ең құнды сый- шәкіртінің шынайы алғысы мен ізетті құрметі. Жүректен шыққан шынайы ризашылық- нағыз бағалы сыйлық.
📍Сыйлық беруді міндет деп санау- жас ұрпақ арасында қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Балаларға дұрыс үлгі көрсете білейік. Ұстазды құрметтеуді құндылық нәрі құйылған тәрбиемен үйретейік.
📍Әрбір мұғалім үшін шәкіртінің жетістігі, ата-аналардың ризашылығы, сонымен қатар ұстаздар арасындағы әріптестік қолдау кез келген материалдық сыйлықтан жоғары және құнды.
📍N 8 мектеп-лицейінің миссиясы : Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, IT –құзіретті, адал ұрпақ тәрбиелеу.
🌹Құрметті ата-аналар және әріптестерім!
Жоғарыда аталған талаптарды назарға алуларыңызды сұраймын.

Құрметпен N 8 мектеп-лицейінің директоры Айтимова Гулнур Ерсаиновна.