2023-2024 оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша І тоқсандағы атқарылған жұмыс есебі
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
Жол ережесін білесің бе? тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рәт А.Н мен Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция майоры О.К.Татипанова бастауыш сынып оқушылары арасында жолда жүру ережелерін сақтау тақырыбында сабақтар өткізді. Сабаққа 1-4 сынып оқуылары толық қамтылды.
https://www.instagram.com/reel/CyVMw45LeGi/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2023-2024 оқу жылы №8 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынға Астана қаласы «Amanat» партиясының өкілі Низамутдинова Яннат Асхатовна арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Салтанатты жиынның қатысушылары “Ата-ана, оқушы, мұғалім” үштік одағының әсем әнін тыңдады. Мектеп табалдырығын енді аттаған құлыншақтар әннен шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті.
Салтанатты жиынға 200 білім алушы қатысты.
https://www.instagram.com/reel/CwpSNkyLP_T/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
1 “Ә” сынып оқушысы Сабитова Аяна «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі» бейнеролигін ұсынды.
https://www.instagram.com/reel/CwpRZDuLsCp/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
3 “А” сынып оқушылары Сембинов Нұрислам және Тасболатова Аяжан «Маған мектеп формасы ұнайды!» бейнеролигі.
https://www.instagram.com/reel/CwpT5CdL16i/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
1-қыркүйек мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені» бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Cwr7_nUrHE_/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебіміздің 10-11 сынып білім алушылары, Жас ғалым, өнертапқыш, кәсіпкер “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы Қуат Әмірмен кездесті. Мамандық таңдаудан қателеспеген адам – өз мақсатына жете алатын тұлға болып қалытасары сөзсіз. Болашақ кәсібін дұрыс таңдай алған адамнан кәсіби тұлға пайда болады. Ал, мамандығына жауапкершілік танытып, жұмысына ыстық ықыласпен қараған маманнан сапалы нәтиже шығады. Мотиватор Қуат Әмір өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, болашақ маман иелеріне бұл таңдау өзінің болашағының ірге тасын қалайтын маңызды шешім екенін атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/Cwr_akeLWR1/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан халқының тілдері күніне іс-шаралар жоспарланып, жоғары деңгейде өткізілді.
"Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім" тақырыбында 5 қыркүйек күні жалпыхалықтық тілдер мерекесінің ашылуы өтті. Мерекеде қазақтың тіл білімінің атасы- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығаршалығынан үзінділер көрсетілді. Заманымыздың заңғар ақыны Мағжан Жұмабаевтың "Қазақ тілі" өлеңін 10 "Б" сынып оқушысы Жанарбек Мейірбан, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым" өлеңін Бекбала Сәбинұр жатқа, мәнерлеп оқыды. 8 "Б" сынып оқушысы Олжабай Жаудат халық әні "Сайра, бұлбылым!" әнін домбырамен құйқылжыта шырқады. 8 "Е" сыныбының қыздары Шымболат Айымжан мен Жарылқап Ақнұр "Қайран қазағым" әнін орындады. Жаңа оқу жылына ере келген тіл мерекесі мектебімізде ай бойында жалғасын таппақ.
https://www.instagram.com/p/Cw4N4HRIPXN/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқуда 6 ”Г” сынып оқушысы Маматшакиров Бехруз, 2”Б” сынып оқушысы Спирина Сафия Александровна, 6 ”Б” сынып оқушысы Шодманова Муниса , 2 ”Е” сынып оқушысы Мансурова Сабина, 2”Г” сынып оқушысы Темірхан Айзат, 7 «Ә» сынып оқушысы Молдашева Шахноза , 9”А” сынып оқушысы Жүсупбекова Камила белсенділік танытты.
https://www.instagram.com/reel/Cw42GumrdhS/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

11 қыркүйек күні мектебімізде Тілдер күніне арналған 9 сыныптар арасында ағылшын тілінен “Who wants to be a millionaire” сайыс өтті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып қана қоймайды, сонымен қатар шет тілдерін үйренуге деген сүйіспеншілікті оятады.
https://www.instagram.com/reel/CxD66HFrZ1p/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Мектебімізде «Отбасы күні» апталығы 11.09-16.09.2023 аралығында өткізілді.
Отбасы күніне орай мектебімізде бүгін «Әжелер кеңесі» құрылды. Әжелеріміз мектептің тыныс тіршілігімен танысып, алдағы уақытқа жоспар құрып, бірлесе жұмыс жасауды ұсынды. Әжелер кеңесінің мүшелері:
Молдахан Айман, Аккулова Париза, Алимсеитова Жаңылша, Ермекбаева Батима, Мукашева Бақыт, Ибаш Жаңагүл, Едилбаева Бағлан, Смайлова Гулбаршын, Ахметова Гулсим, Хайрбекова Роза Хажихызы.
https://www.instagram.com/reel/CxDyq3DMbl2/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Қыркүйектің он үшінші жұлдызында мектебімізде Отбасы күніне орай ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру мақсатында “Әжемнің ертегісі” жобасы аясында 3 «Ғ» сынып оқушылары өздерінің ата-аналарына, сыныптас достарына “Ақылды қоян” шығармасынан қойылым көрсетті. Қойылымға 27 білім алушы қатысты. Қойылымды білім алушылардың ата-аналары мен 3 сынып білім алушылары тамашалады.
https://www.instagram.com/reel/CxIYgroMwj0/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2023 жылғы 13 қыркүйек күні Астана қаласының №8 мектеп-лицейінде «Отбасы күні» апталығы аясында ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара ынтымақтастығын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс іс-шара (Cooking club) өткізілді. Іс-шарада анасы өзінің қызына салаттың жасалуын, оның құрамындағы көкөністермен жемістердің пайдасын айтып, түсіндірді. Үштік одақ яғни ата-ана, оқушы, мұғалім бірлесе жұмыс түрін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/CxKxBldLu6N/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде отбасы күніне орай 4 “В” сынып оқушылар және ата-анасымен “Әкем, анам және мен” спорттық сайысы өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/CxPPq65o6JD/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
25 қазан – Республика күні мерекесі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН “СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!» АКЦИЯСЫНЫҢ жоспары аясында мектебімізде “Шынықсаң шымыр боласың” атты сергіту сәті ұйымдастырылды. Осы іс-шараға 1-4 сыныптан 150 білім алушы қатысты. Күнделікті жаттығулар- жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді.
https://www.instagram.com/reel/Cy0eeHFLv8U/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН “СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!» АКЦИЯСЫНЫҢ жоспары аясында Еңбек сабағының мұғалімі Нұрахмет Ержас 5-6 сыныптар арасында “Спорт- денсаулық кепілі” атты сурет салу ұйымдастырылды.
🔹Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты екенін жақсы түсінген оқушылар өз ойларын сурет арқылы жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/Cy0gDSjrUvd/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!» АКЦИЯСЫ аясында "Бақытым да, байлығым да денсаулық" тақырыбында кітап көрмесі болды. Көрмені ұйымдастырған мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Карьаева Л. Көрмеге 5-7 сынып оқушылары қатысты.
https://www.instagram.com/p/Cy0hpp2rHIT/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!» АКЦИЯСЫНДА мектебімізде "Денсаулық зор байлық” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында спорттың денсаулыққа пайдасы туралы айтылды.
https://www.instagram.com/p/Cy0cgHprCf_/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
25 қазан Республика күніне орай 5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылған “Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!” атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.
Сайыстың мақсаты: өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие бере отырып, Отанды сүюге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, тіліміздің тазалығы мен мәртебесін асыруға үлес қосу. Аталмыш іс-шараға 40 оқушы қатысып бақ сынасты. Сайыс соңында оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша диплом, алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Айдарбекова.
https://www.instagram.com/reel/Cy0acwurgID/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
25 қазан-Республика күніне орай “Елінің патриоты” тақырыбы аясында тәрбие сағаттары өтті.
https://www.instagram.com/p/Cy0aL4br-dd/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Мектебімізде қазан айында «Адалдық – атадан қалған мұра» ұрпақтар сабастығын насихаттау мақсатында сыныптарға бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/Cy3aixbsAAt/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Ар-Ұят
Ашық есік күні «Отбасылық бақыт жылуы» әр айдың соңғы сенбісі мектебімізде ата-аналарға арналған ашық есік күндері өткізіледі.
2023 жылдың 30 қыркүйек күні «№8 мектеп-лицейінде ата –аналарға арналған бірыңғай ашық есік күні өткізілді. Мақсаты : ата-аналарға педагогикалық –психологиялық кеңес беру. Ашық есік күні 6-аймақ жұмыс жасады.
1-аймақ. Әлеуметтік педагог пен педагог психолог аймағы. Бұл аймақта мектебіміздің әлеуметтік педагогы Кенжеғазы Ағынтай ата-аналарға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес берді.
2-аймақта әр бірлестік пән мұғалімдері ата-аналарға оқушылардың оқу үлгерімі бойынша, пәнге қатысты кеңестер мен ұсынымдар айта келе, құндылықтарға негізделген ұрпақ тәрбиесі үшін атқарылып жатқан игі істерімен
5-аймақта «Әжелер мектебі » жұмысы аясында «Бата беру», «Қазақтың ырым-тиымдары , «Жеті атасын білу – тектіліктің белгісі» тақырыптары насихатталды. 4,5 сынып білім алушылары өздерінің жеті аталарын айтып, жеті атамызды біліп жатсақ ол тектілігіміздің белгісі деп, - ой қорытынылады. Әжелеріміз балаларға батасын беріп, ізгі тілектерін арнады.
4-аймақта “Ана көрген – тон пішер” шеберлік сыныбы өтті. Бүгін 9-сынып қыздарына Балкасынова Асель мен Едильбаева Бағлан Мауленовна аналарымыз Шоппер тігу техникасын үйретті.
https://www.instagram.com/reel/Cx0lPKKskyJ/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Cx0PEoVLKym/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/Cx0LBN_Lk8H/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

1 қазан – Қарттар күніне орай мектебімізде арнайы іс-шаралар жоспарланып, өз деңгейіде өткізілді.
Қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Мектебімізде қыркүйек айының жиырма алтыншы жұлдызында «ҚАРИЯСЫ БАР ҮЙДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР!» тақырыбында 3 “Ә” сыныбында ақ жаулықты әжемізбен сынып сағаты ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/CxyMzn-rpIl/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде қыркүйек айының 25 жұлдызы “Қарттар- біздің алтын қазынамыз” атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. 5 “Д” сынып оқушылары еліміздің өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейтіндерін көрсете білді. Сынып жетекшісі Бижанова Ғалия
https://www.instagram.com/reel/CxyMETfLp0m/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Қыркүйектің жиырма сегізінші жұлдызында «МЕНІҢ СҮЙІКТІ АТАМ МЕН ӘЖЕМ, «ӘЖЕМНІҢ ӨСИЕТІ» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Көрмеде білім алушылар өздерінің ата-әжесін таныстырып, олардың өздеріне айтқан өсиетімен бөлісті. https://www.instagram.com/reel/CxyNLzfL23M/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Білім алушыларымыз асыл қарттарымызды мерекесімен құттықтап бейнероилктер түсірді. 5 “Д” сынып оқушысы Айтқазы Елікайдың құттықтауын қабыл алыңыздар.
https://www.instagram.com/reel/CxyNoiqrDbh/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
“МЕНІҢ СҮЙІКТІ АТАМ МЕН ӘЖЕМ” тақырыбында 2 “Б” сынып оқушысы Бекболат Байбек видеоролик түсіріп, ата-әжесіне деген махаббатын, мейірімділігін, ізеттілігін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/CxyOjxNrasf/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Қыркүйектің жиырма сегізінші жұлдызында «МЕНІҢ СҮЙІКТІ АТАМ МЕН ӘЖЕМ, «ӘЖЕМНІҢ ӨСИЕТІ» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Көрмеде білім алушылар өздерінің ата-әжесін таныстырып, олардың өздеріне айтқан өсиетімен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/CxyXx6OLFVC/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде қыркүйек айының жиырма тоғызы «АТА-АНА ҰЛАҒАТЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» тақырыбында Қарттар күніне арналған жалпы мектептік мерекелік іс-шара өткізілді. Қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі.
https://www.instagram.com/reel/CxyPVMbrQN9/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Нағыз ер жігіт қандай қасиеттерге ие болуы керек? тақырыбында Жүсіп Абылайханмен 7-сыныптар арасында рухани-танымдық кездесу өткізілді. Кездесуге 80 білім алушы қатысты. Кездесу барысында білім алушылармен бірге нағыз ер жігітке тән қасиеттерді айтып өтті.