
Бастауыш бөлімінің 2022-2023 оқу жылына арнаған оқу-тәрбие жұмысының
ЖОСПАРЫ
Мектеп-лицей миссиясы: Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, IT құзіретті, адал ұрпақ тәрбиелеу
Мақсаты: Тез өзгеретін әлемде оқушылардың табысты, білімді болуын қамтамасыз ететін ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру
Мектептің әдістемелік тақырыбы: сындарлы оқыту теориясының негізінде оқушыларға ұлттық құндылықтарға сай сапалы білім беру
Мақсаты: Өзгеріске толы әлемнің талабына сай ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеуде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру.
Міндеттері: - пәндерде ұлттық құндылықтарға бағытталған сабақтарды жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік-танымдық жобалардың тиімдісін іске асыру;
- іс-әрекеттегі, сабақтағы зерттеу арқылы сабақтардың берілу сапасын арттыру, қолайлы білім беру ортасын құру;
- педагог кадрлардың біліктілік деңгейін жүйелі түрде арттыруға жағдай жасау;
- білім алушылардың креативтік қабілетін дамытуға ықпал жасау;
- оқушы бойындағы сын тұрғысынан ойлап, шешімдер қабылдай алатын дағдыны жобалар мен түрлі сайыстар арқылы қалыптастыру;
- мектеп, ата-ана, оқушы ынтымақтастығын нығайту;
- функционалдық сауаттылық дағдыларын арттыра отырып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру;
Негізгі жұмыс бағыттары |
Іс-шаралар |
Жауаптылар |
Орындалу мерзімдері |
Нәтижеге бағытталған сапалы білім |
Білім алушылардың 2020-2021,2021-2022 оқу жылы бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және анықтау мақсатында алғашқы кіріс бақылау жұмыстарын алып, қорытындысын шығару. |
Сынып жетекшілер Сынып жетекшілері Рәт А.Н |
12-14.09.2022 ж Қазан - желтоқсан |
Мақсаты: Білім алушы біліміндегі анықталған олқылықтарды жойып, сапалы білім беруді жүзеге асыру |
|||
Білім алушы біліміндегі анықталған олқылықтармен жұмыс жоспарын құрып, бекіту. |
Пән мұғалімдері |
19-20.09.2022ж |
|
2, 3, 4 сыныптар бойынша математика, қазақ тілі, жаратылыстану пәндерінен қиындық тудырған тақырыптармен1 сабақтан «3» -тік бағамен қорытылған үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізу, қосымша сабақтардың сапалы өтуін бақылау. |
Пән мұғалімдері, ӘБ жетекшілері |
Қараша, қаңтар, наурыз |
|
Жас маман: қалыптасу жолдары, кездесетін проблемалар, шешу жолдары Мектепішілік семинар |
Ахметова Г.А Сексенбаева С.А, Сүлейменова С.Ш |
02.09.2022ж. |
|
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау 3 «Ғ» сыныбы 45,4 %-ды, 4 «Г» сыныбының білім сапасының төмендігіне байланысты сабақтарына қатысу. Мақсаты: оқылым, айтылым дағдыларын дамытып, сауатты жазуға қалыптастыру |
БохановаС К.М Рәт А.Н Дамытушы топ мүшелері |
09-10.12. 2021ж |
|
Сабақ мақсатына сай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану (жас мамандарға көмек) коучинг Тақырыбы: «Бастауыш сыныпты оқытуда тиімді кері байланыс беру жолдары» |
Ахметова Г.А |
05.01.2023 |
|
Жас мамандармен жұмыс. Шеберлік сабақ. Тақырыбы: «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма-тиімді сабақ кепілі» |
Сексенбаева С.А. |
06.01.2023 |
|
«Мұғалім оқытуда нені жақсарту керек?» «Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу тәсілдері» |
Мукушова З.Б. Аужанова Г.Е |
03.02.2023 10.02.2023 |
|
Мақсаты: ұлттық құндылыққа негізделген сапалы білім беруді жүзеге асыру |
«Құндылыққа толы мектебім» Қалалық семинар |
Бастауыш сынып бөлімі |
17.02.2023 |
Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру Сабақтарға қатысу; Дарынды оқушыларды дайындау; Әр түрлі жобаларды іске асыру; Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс; Іс-әрекетті зерттеу; Мониторинг жүргізу |
Дамытушы топ Үйлестіруші топ Басшылық етуші топ |
Жыл бойы |